← Артқа

Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет байқауына өтінім қабылдау басталды

Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет
байқауына өтінім қабылдау басталды

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және
Қазақстандағы Эколог күніне орай елімізде мектеп оқушылары
арасында «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық
сурет байқауына өтінім қабылдау басталды.

Байқау Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
тақырыбына арналып, табиғатты қорғау мәселесіне балалар
мен жасөспірімдердің назарын аударуды көздейді. Жобаны
Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастырып отыр.
Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 1-11 (12) сынып
оқушылары қатыса алады. Қатысушылар 1-4 сынып, 5-8 сынып
және 9-11 (12) сынып оқушылары болып бөлінген үш жас санаты
бойынша бақ сынайды.
Қатысушы Қызыл кітапқа енген бір жануарды немесе
өсімдікті таңдап, оның бейнесін өз шығармасында көркем түрде
ұсынуы қажет. Жұмыс таңдалған өсімдік не жануардың
табиғаттағы рөлін, ерекшелігін, мекен ету ортасын және оны
сақтаудың маңызын көрсетуі тиіс.
Суретпен бірге «Неліктен мен дәл осы түрді таңдадым
және оның болашақ ұрпақ үшін маңызы қандай?» деген сұраққа
жауап беретін 500 таңбаға дейінгі қысқаша эссе қоса
ұсынылады.
Заманауи, Street Аrt және эксперименталды бағыттардағы
жұмыстар қабылданады.

Байқауға қатысу үшін оқушы немесе оның заңды өкілі
жұмысты Instagram, TikTok, Facebook, Threads немесе X
әлеуметтік желілерінің бірінде жариялауы қажет. Жарияланымда
қатысушы туралы ақпарат көрсетіліп, #DalaQazynasy және

QazaqCreative хэштегтері, сондай-ақ @qazaqcreative

парақшасы белгіленуі тиіс.
Одан кейін қатысушы https://forms.gle/Atqq7GBK8btzmovD7
сілтемесі арқылы өтінім толтырып, суреттің файлын, эссені
және әлеуметтік желідегі жарияланымға сілтемені жолдайды.

Instagram media 1
Instagram media 2
Instagram media 3
Instagram media 4
Instagram media 5
Instagram media 6
Instagram media 7
Instagram post