«Анаға құрмет» музейінің алаңында Халықаралық йога күніне арналған ерекше мәдени-танымдық...
«Анаға құрмет» музейінің алаңында Халықаралық йога күніне арналған ерекше мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Шара Қазақстандағы Үндістан Республикасы Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының және «Алматы – Қазақстан» Үнді классикалық биі мен йога орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында қатысушылар йога жаттығулары мен медитация тәжірибесіне қатысып қана қоймай, «Анаға құрмет» музейінің экспозицияларымен танысуға мүмкіндік алды. Қонақтар музей қорындағы құнды жәдігерлерді тамашалап, ана құндылығы мен отбасы тәрбиесіне арналған көрмелер туралы мағлұмат алды.
Осындай халықаралық және мәдени іс-шараларды музей алаңында өткізу – жаңа аудиторияны тартуға, музей қызметін кеңінен танытуға және келушілер санын арттыруға ықпал етеді. Әртүрлі ұйымдармен әріптестік байланыс орнату арқылы музей мәдени диалог алаңына айналып, қоғамның түрлі өкілдерін бір ортаға тоғыстырып келеді.
Халықаралық йога күні денсаулық пен рухани үйлесімділікті насихаттаумен қатар, мәдениеттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндік берді.
Іс-шараға қатысып, музей өміріне қызығушылық танытқан барлық қонақтарға алғысымызды білдіреміз!
