← Артқа
2026 жылдың 15 мамыр күні Анаға құрмет музейінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және...
2026 жылдың 15 мамыр күні Анаға құрмет музейінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың батыр қызы – Әлия» атты жылжымалы көрмесі өтті.
Іс-шараға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп оқушылары қатысып, батыр рухына арналған өлеңдер оқып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
Көрме барысында келушілерге батыр қыздың өмір жолы мен ерлігі таныстырылып, тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
