← Артқа

2026 жылдың 31 мамыры – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай...

2026 жылдың 31 мамыры – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Азаптан азаттыққа: әйел рухының күші» атты іс-шара аясында Ақмола облысындағы «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешенімен жасалған бірлескен жылдық жоспарға сәйкес онлайн экскурсия ұйымдастырылды.

Онлайн экскурсия барысында «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешенінің экскурсия жетекшісі Гүлнұр Төлепбергенова музейдің құрылу тарихы, жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған аналардың тағдыры және әйел рухының қайсарлығы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынды.

Танымдық экскурсияға «Анаға құрмет» музейінің қызметкерлері қатысып, тарихи жадымызды жаңғыртуға, халқымыз бастан өткерген ауыр кезеңдердің тағылымын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Іс-шара қатысушыларға өткен тарихтың қасіретті беттерін еске алып, азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін бағалаудың маңызын ұғындырды.

Instagram media 1
Instagram post