2026 жылдың 12 сәуірінде, елімізде атап өтілетін Ғылым күніне орай Алматы облысы, Қарасай...
2026 жылдың 12 сәуірінде, елімізде атап өтілетін Ғылым күніне орай Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округіндегі «Анаға құрмет» музейінде химия инженериясы саласындағы халықаралық деңгейде танылған көрнекті қазақ ғалымы, техника ғылымдарының докторы, шетелдегі және еліміздегі 10-нан астам жоғары оқу орындарының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдімүтәліп Әбжаппаровпен тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында ғалым музей қорына анасынан сақталған, бірнеше ғасырлық тарихы бар құнды жәдігерлерді салтанатты түрде табыстады. Бұл – ұрпақ сабақтастығын, ана мұрасына деген құрметті айшықтайтын ерекше сәт болды.
Іс-шара аясында ғылым мен руханияттың сабақтастығы кеңінен сөз етіліп, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар сөз алып, мазмұнды баяндамалар жасады. Кеш барысында ғылымның қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтар мен ананың тәрбиелік рөлі жайлы тағылымды ойлар ортаға салынды.Бұл маңызды кездесу ғылым мен мәдениетті, ана мұрасы мен ұлттық тарихты ұлықтаған, көпшілікке рухани әсер сыйлаған мазмұнды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.


