← Артқа

2026 жылдың 20 наурыз күні – Ұлттық спорт күніне орай Наурызнама онкүндігі аясында «Ақ...

2026 жылдың 20 наурыз күні – Ұлттық спорт күніне орай Наурызнама онкүндігі аясында «Ақ көгершін» балабақшасында бүлдіршіндерге арналған ұлттық спортты насихаттау мақсатында танымдық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақтың ұлттық ойындарын таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Бағдарлама барысында балалар асық ойнау, қанталапай, бестемше, атантартыс, арқан тарту сияқты ұлттық ойын түрлерімен танысып, өзара сайысқа түсті. Балдырғандар ерекше белсенділік танытып, ептілік пен жылдамдықтарын көрсетті.

Instagram media 1
Instagram post