← Артқа
2026 жылдың 20 наурыз күні – Ұлттық спорт күніне орай Наурызнама онкүндігі аясында...
2026 жылдың 20 наурыз күні – Ұлттық спорт күніне орай Наурызнама онкүндігі аясында «Дәстүрлі спорт – денсаулық пен күштің кепілі» тақырыбында “Анаға құрмет” музейінде мектеп оқушыларымен танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақты спортқа баулу.
Сонымен қатар, балалар арасында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, асық, қанталапай, бестемше, атантартыс, арқан тарту сынды сайыстар өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз күштері мен ептіліктерін көрсетті.
