← Артқа

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған поэзия кеші жоғары...

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында 87 жасқа келген Сабитова Күлғайша апа ақынның үш бірдей өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Қазыналы қарттың жүрек түкпірінен шыққан әрбір шумақ залға жиналған қауымды тебірентіп, поэзияға деген құрметті арттыра түсті. Кеш қонақтары Күлғайша апаның зеректігіне, жадының мықтылығына және Мұқағали жырларына деген шынайы сүйіспеншілігіне тәнті болып, ыстық ықыластарын білдірді.

Instagram media 1
Instagram post