← Артқа
2026 жылдың 21 күні Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай Қазақстан Туризм Ассоциациясы...
2026 жылдың 21 күні Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай Қазақстан Туризм Ассоциациясы ұйымдастырған республикалық форум аясында халықаралық тәлімгер Оразымбетова Бақыт Камаловнаны еске алуға арналған тағылымды кездесу өтті.
Аталған шараға «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Гүлнар Әбіш қатысып, экскурсия саласының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Іс-шара барысында Бақыт Камаловнаның кәсіби жолы, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі және отандық туризмді дамытуға қосқан зор үлесі ерекше аталып өтті. Кездесу рухани сабақтастық пен мамандыққа деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.


