← Артқа

7 наурыз күні сағат 12:00-де «Балқаш аудандық тарихи-өлкетану» музейінің жаңа ғимаратының...

7 наурыз күні сағат 12:00-де «Балқаш аудандық тарихи-өлкетану» музейінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Бұл — ауданымыздың рухани-мәдени өміріндегі айрықша тарихи сәт. Жаңа ғимарат — өткенімізді зерделеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, келер ұрпаққа аманат ететін тағылым ордасы.

Музей – халық мұрасының сақтаушысы, тарих пен тағдырды, дәстүр мен мәдениетті тоғыстыратын қасиетті мекен. Заманауи талапқа сай жабдықталған жаңа ғимарат келушілерге кең мүмкіндік ұсынып, өлке тарихын тереңірек танып-білуге жол ашады.
Ұлт мәдениетінің дамуына серпін беретін бұл маңызды шарадан қалыс қалмай, баршаңызды ортақ қуанышымызды бөлісуге шақырамыз!

Instagram media 1
Instagram post