← Артқа

2026 жылғы 20 қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан «Анаға құрмет»...

2026 жылғы 20 қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан «Анаға құрмет» музейінде Нобель сыйлығына үміткер Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Фатима анадан өрбіген Олжас ақынның ғасырға жеткен үні» атты рухани-танымдық кездесу өтті.

Бұл басқосу ұлы ойшылдың дүниетанымындағы аналық мейірім, рухани бастау және адамгершілік іргетас тақырыбын терең зерделеуге арналған. Әсіресе, ақынның өмірі мен шығармашылығына өлшеусіз ықпал еткен Фатима Насыржанқызы Бедельбаеваның рухани бейнесі кеңінен сөз болады.
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының өкілдері мен белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері ресми құттықтау сөздерін жеткізді. «Ана тағзымы және Олжас Сүлейменов дүниетанымының бастаулары» тақырыбында мазмұнды ойталқы ұйымдастырылады.

Instagram media 1
Instagram post