← Артқа
2026 жылдың 8 қаңтар күні «Анаға құрмет» музейінде шетелдік қонақтар болды: туристер –...
2026 жылдың 8 қаңтар күні «Анаға құрмет» музейінде шетелдік қонақтар болды: туристер – американдықтар келіп, музей экспонаттарымен танысты. Қонақтар қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызыға қарап, әр көрме бөлмесін ерекше ықыласпен тамашалады. Олар әсіресе музейдің аналарға арналған экспозициясына ерекше таңданыс білдіріп, көптеген сұрақтар қойды. Шетелдік қонақтардың қызығушылығы музей үшін үлкен құрмет пен шабыт көзі болды.

