«Ана – ғұмырдың бояулы жалғасы» тақырыбында тағылымы терең рухани кездесу өтті.
«Ана – ғұмырдың бояулы жалғасы» тақырыбында тағылымы терең рухани кездесу өтті.
Бұл кеш қылқаламымен ел мерейін асқақтатып, ұлттық өнерді биікке көтеріп жүрген көрнекті суретші Жанұзақ Мүсәпірдің ардақты анасы — Ұлжамал Мәмітқызының туғанына 100 жыл толуына арналды.
Ана бейнесін өнер тілімен сөйлеткен суретшінің бұл еңбегі — ұлт жадына, анаға деген мәңгілік құрметтің көрінісі. Өнер арқылы ана рухына тағзым еткен бұл тағылымды кеш көрерменге терең ой салып, рухани әсер сыйлады.
Іс-шараға Алматы облысының әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев зиялы қауым өкілдері, ақын Қуаныш Жазай, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының опера әншісі Тахауи Рахметов қатысып, кеш мазмұнын тереңдете түсті.
Жанұзақ Мүсәпір анасының есімін ұлықтай отырып, музейіміздің көркеюіне үлес қосып, галерея қорын мазмұнды туындылармен толықтырды. Бұл — өнер арқылы ана рухына көрсетілген тағзым, келер ұрпаққа қалдырылған өнегелі мұра.
