Түркі халықтарының мәдени мұрасын және аналар бейнесіндегі рухани үндестікті айшықтайтын...
Түркі халықтарының мәдени мұрасын және аналар бейнесіндегі рухани үндестікті айшықтайтын “ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АНАЛАРЫ” атты халықаралық көрме 18–23 қараша аралығында Анкара қаласында өтуде.
Көрмеге Алматы облысындағы “Анаға құрмет” музейі қатысып, музей қорындағы картиналар мен белгілі тұлғалардың аналарының портреттері ұсынылуда. Бұл экспонаттар ананың мейірімі мен даналығын паш етіп, түркі халықтарының ортақ мәдени сабақтастығын көрсетуге айрықша үлес қосады деп есептейміз.
Көрме түркі өркениетінің терең тамырларынан бастау алатын ана бейнесін, оның өмір бастауы ретіндегі қасиетін өнер тілімен танытады. Аталмыш шара ананың мәңгілік символы арқылы рухани бірлікті айқындай отырып, Түркия Республикасы Отбасы жылы аясында ұйымдастырылған маңызды мәдени оқиға болып табылады. @gannur @almaty_oblysy_muzeileri @almaty.obl_madeniet @analar_kenesi.kz @academy_gp.kz
