«Анаға құрмет» музейі Анкара төрінде “ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АНАЛАРЫ” атты халықаралық көрме ашты.
«Анаға құрмет» музейі Анкара төрінде “ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АНАЛАРЫ” атты халықаралық көрме ашты.
Түркия Республикасы Отбасы жылы аясында Алматы облысы «Анаға құрмет» музейі 2025 жылғы 19 қарашада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Хатшылығында «TURKTAV» Түркі тарихы мен мәдениеті қорының қолдауымен түркі халықтарының мәдени мұрасы мен аналар бейнесіндегі рухани үндестікті танытатын «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АНАЛАРЫ» атты халықаралық көрмесін ашты.
Көрмеге музей коллекциясындағы танымал тұлғалардың аналарының портреттері қойылып, түрік қауымына түркі өркениетінің терең тамырларынан бастау алатын ана бейнесі таныстырылды.
Іс-шараға Түркия Республикасының Отбасы және әлеуметтік қызметтер вице-министрі Леман Йенигүн, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркия Республикасының Әділет және даму партиясының Түркі мемлекеттерімен байланыстар жөніндегі төраға орынбасары доктор Решиде Юксель, ТҮРКСОЙ Қазақстан өкілі Нышанкүл Қаратаева , Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назипа Шанаи, ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ибраева Ақмарал, ЮНЕСКО мәдениеттерді жақындастыру орталығының директор орынбасары Салтанат Әшімова және Үмітхан Мұңалбаева, «TURKTAV» қорының атқарушы директоры Әсел Лахаева, т.б. түрік елінің ғалымдары қатысты.
