Бүгін Қонаев қалалық мәдениет үйінде «Ауылым-алтын бесігім» атты аудан, қала мәдениет...
Бүгін Қонаев қалалық мәдениет үйінде «Ауылым-алтын бесігім» атты аудан, қала мәдениет күндерінің қорытынды Гала концерті өтті. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы арнайы қатысып, облыс әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының құттықтауын жеткізді.
Байқаудың БАС ЖҮЛДЕСІН қазыналы Іле ауданы жеңіп алды! Жеңімпаздарға «JAC S3 PRO» автокөлігінің кілті табысталды.
Ал жүлделі 1 орын және 1 500 000 теңге сертификатымен Балқаш ауданы марапатталды.
Байқаудың 2 орын жүлдесі және 800 000 теңге сертификатын Қонаев қаласы және Ұйғыр аудандары иеленді.
3 орын жүлдесі мен 500 000 теңге Жамбыл және Кеген аудандарына тапсырылды.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық мәдениет ұжымдарына алғыс хаттар мен 400 000 теңге сертификаттары берілді. Арнайы номинциялардың иегерлері 200 000 теңге сертификаттарына ие болды.
Шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Ауылымыз гүлденіп, мәдениетіміз өркендей берсін!
