← Артқа

«Анаға құрмет» музейінде суретші Нелли Бубэнің көрмесі өтеді

«Анаға құрмет» музейінде суретші Нелли Бубэнің көрмесі өтеді

Қазақтың заманауи бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлғалардың бірі — Нелли Бубэ. Ол – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі кескіндемеші, график және иллюстратор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Нелли Бубэ шығармашылығы қазақ халқының рухани мұрасымен тығыз байланысты. Оның картиналарында ұлттық ою-өрнектер мен аналардың бейнесі мен өмірге деген ізгілік сезімі ерекше көрініс табады.
Суретші қазіргі таңда «Empire кәдесый» компаниясының бас суретшісі. Еңбектері А.Қастеев атындағы өнер музейінде және жеке коллекцияларда сақталған.

📅 18–19 қараша күндері «Анаға құрмет» музейінде қазақ әйелінің бейнесін терең философиялық тұрғыда бейнелейтін суретші Нелли Бубэнің жеке көрмесі өтеді.
Көрмеге келіп, нәзіктік пен рухани тереңдікке толы туындыларды тамашалаңыз!

Instagram media 1
Instagram post