Түркі халықтарының мәдени мұрасын, аналар бейнесіндегі рухани үндестікті көрсететін “ТҮРКІ...
Түркі халықтарының мәдени мұрасын, аналар бейнесіндегі рухани үндестікті көрсететін “ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АНАЛАРЫ” атты халықаралық көрме Анкара қаласында өтеді.
Көрмеге Алматы облысының “Анаға құрмет” музейі қатысып, музей жәдігерлерінің картиналары мен тұлғалардың аналарының портреттерін таныстырады. Бұл экспонаттар ананың мейірімі мен даналығын паш етіп, түркі халықтарының ортақ мәдени сабақтастығын көрсетуге ерекше үлес қосады.
Көрме түркі өркениетінің терең тамырларынан бастау алатын ана бейнесін, оның өмір бастауы ретіндегі қасиетін өнер тілімен паш етеді. Бұл шара ананың мәңгілік символы арқылы рухани бірлікті айқындайтын маңызды мәдени оқиға болып табылады.
📅 Көрме ашылу күні: 19 қараша 2025 жыл
🕑 Басталу уақыты: 15:00
📍 Өтетін мекенжай: Kızılay, Atatürk Blv. No:18, 06050 Altındağ / Ankara


