← Артқа

“Анаға құрмет” музейінің қорына қазақ өнерінің танымал шеберлері — мүсінші Нұрсапаев Самат...

“Анаға құрмет” музейінің қорына қазақ өнерінің танымал шеберлері — мүсінші Нұрсапаев Самат Исмайылұлы мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ардагер ұстаз Ақан Бақырқанұлы Оймауытовтың туындылары қосылды.

Нұрсапаев Самат Исмайылұлы (1947 ж., Панфилов ауданы, Шежін ауылы)
– Совет Суретшілер одағының мүшесі, – Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
– Ә. Қастеев кейіпкерлерін табиғи тасқа қашап жасаған ерекше туындыларымен танымал.
– Елшібек пен Батай батырларға арналған ескерткіштердің авторы.
– Қазір туған ауылында этнографиялық-көркемөнер парк жасап жатыр.

Ақан Бақырқанұлы Оймауытов (1951 ж.)
– ҚР Суретшілер одағы, Көркем өнер Академиясының мүшесі, тәжірибелі ұстаз.
– Шығармашылық мәнері Ә.Қастеев мектебіне жақын.
– Табиғат пен тарихи оқиғаларды бейнелейтін акварель, майлы бояу, графикалық жұмыстардың авторы.
– Жаркент мешіт-музейінде 10 жыл директор болған.
Осындай суреткерлердің жұмыстары музей қорына келіп түсуі — біз үшін үлкен мақтаныш.

Instagram media 1
Instagram post