← Артқа

2025 жылдың 4 желтоқсанында еліміздің тарихындағы маңызды белестердің бірі -«Қазақстан...

2025 жылдың 4 желтоқсанында еліміздің тарихындағы маңызды белестердің бірі -«Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси,әдеби-көркем журналының алғашқы саны жарық көргеніне 100 жыл (1925–2025) толды.Әйелдің қоғамдағы орнын,рухани кемелденуін,ұлттық мәдениеттің дамуын насихаттаған бұл басылым ғасыр бойы еліміздің зияткерлік һәм мәдени кеңістігінде өзіне тән биік мәртебеге ие.Осы айтулы дата аясында Нархоз Университетінің профессорларымен кездесу ұйымдастырылып, екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында бұған дейін қол қойылған меморандум негізінде музей мен университет арасындағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілді.Іс-шара барысында қонақтар «Анаға құрмет» музейінің ішіндегі тағылымды экскурсияға қатысып, музей қорындағы тарихи-мәдени құндылықтармен танысты.Кездесу барысында профессорлар мен музей өкілдері қоғамдағы әйелдердің рөлі, олардың білім беру, мәдениет және ғылым салаларындағы орны туралы мазмұнды пікір алмасып,ортақ көзқарастар мен жаңа идеялар талқыланды.Бұл маңызды кездесу «Анаға құрмет» музейі мен Нархоз Университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдете түсіп,ғылыми-білім беру бағытындағы жаңа бастамаларға жол ашты.

Instagram media 1
Instagram post