← Артқа

Алматы обылысы музейлер бірлестігі мен Алматы қаласы, Алматы облысының «Қазақ...

Алматы обылысы музейлер бірлестігі мен Алматы қаласы, Алматы облысының «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін тағылымды шараға шақырамыз! 2025 жыл -Жұмысшы мамандықтар жылына орай және 25 қазан Респкблика күніне «Анаға құрмет» музейінде Социалистік Еңбек Ері, атақты күрішші, даңқты еңбек адамы , көп балалы ана Сәлима Жұмабекованың 90 жылдығына арналған іс-шара өтеді. Айта кетерлігі, осыдан 12 жыл бұрын музей алғаш құрылған сәтте Сәлима Жұмабекованың балалары ең алғашқы болып аяулы аналарының экспонаттарын музейге тапсырған болатын. Ол - біздің қолдаушыларымыздың бірі, ел есінде мәңгі сақталатын дара тұлға. 22 қазан 2025 жыл сағат 10:00 Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов тас жолы, 26-шы км, «Анаға құрмет» музейі

Instagram media 1
Instagram post