← Артқа

2025 жылдың Қараша айынан бастап бір ай бойы «Анаға құрмет» музейінде Қазақстанның еңбек...

2025 жылдың Қараша айынан бастап бір ай бойы «Анаға құрмет» музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі зергер, профессор Естай Серікбайұлы Даубаевтың көрмесі өтуде.
Естай Серікбайұлы — Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Өнер академиясының академигі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Ол — халықаралық «Жігер» сыйлығының лауреаты, «Туран» халықаралық сыйлығының иегері, сондай-ақ Карл Фаберже орденінің кавалері.
Зергерлік өнердің сырын терең меңгерген шебердің туындылары қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен заманауи көркемдік көзқарасын үйлестіре білген ерекше қолтаңбасымен ерекшеленеді. Көрме барысында автордың күмістен жасаған бірегей бұйымдары, ұлттық нақыштағы әшекейлері және зергерлік өнердің нәзік қырларын паш ететін шығармалары қойылған.

Instagram media 1
Instagram post