2025 жылдың 22 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін «Анаға құрмет» музейінде қазақ бейнелеу...
2025 жылдың 22 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін «Анаға құрмет» музейінде қазақ бейнелеу өнерінің бірегей өкілі, танымал суретші Молдахмет Кенбаевтың шығармашылығына арналған көрме өтеді.
Көрмеде суретшінің ұлттық рухты, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен болмысын айшықтаған таңдаулы туындылары көпшілік назарына ұсынылады. Айта кетер жайт, биыл Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып өтуде.
Молдахмет Кенбаев-қазақ бейнелеу өнері тарихындағы тұңғыш профессор атағын алған суретші, сондай-ақ еңбектері Ресейдегі әйгілі Третьяков галереясына қойылған алғашқы қазақ суретшісі.
Кенбаевтың шығармалары қазақ өнерінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар рухани мұраға айналды. Бұл көрме -қылқалам шеберінің шығармашылық әлемін қайта танып, ұлт рухын сезінуге, қазақ өнерінің шынайы сұлулығымен қауышуға мүмкіндік береді.
Келіңіздер, тамашалаңыздар!
