← Артқа
2025 жылдың 17 қыркүйек күні «Анаға құрмет» музейінде Дүниежүзілік Туризм менеджері күніне...
2025 жылдың 17 қыркүйек күні «Анаға құрмет» музейінде Дүниежүзілік Туризм менеджері күніне орай тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Австрия, Германия, Хорватия, Түркия және Украина елдерінен келген шетелдік қонақтар қатысты.
Нархоз университетінің «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жүрген 3-курс студенттері музейде тәжірибеден өтіп, өздерінің алғашқы кәсіби қадамдарын жасады.
Шара барысында неміс тілінің профессоры, тәжірибелі маман Бақыт Жатқанбайқызы Шпекбаева қонақтарға музейді таныстырып, кәсіби гид ретінде экскурсия жүргізді.
Бұл күн жас мамандардың тәжірибе жинақтап, шетелдік қонақтардың ұлттық мәдениетімізбен танысуына үлкен мүмкіндік берді.
