← Артқа

2025 жылдың 22–29 тамыз аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен VII...

2025 жылдың 22–29 тамыз аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен VII Бүкіләлемдік татар әйелдері форумы «Ана хакы» аясында «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Гүлнар Әбіш арнайы шақырылып, қазақ тілінде мазмұнды баяндама жасады.
Форумда қазақ және татар халықтарының рухани жақындығы мен ортақ құндылықтары жайлы тәжірибе алмасу жүзеге асты. Шара татар тілінде өтсе де, қатысушылар бір-бірін жақсы түсініп, өзара ынтымақ пен құрметті сезінді.
Музейімізге Ресей елінде құрылған Халықаралық қайырымдылық қорлары қауымдастығы «Мама» ұйымының Алтын дипломы табысталды. Бұл -музейіміздің халықаралық аренада танылып, мәртебесінің артуының айғағы.
«Анаға құрмет» музейі -Қазақстандағы аналарға арналған тұңғыш әрі бірегей рухани-мәдени орталық. Музейде ұлттық дәстүр, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі кеңінен дәріптелуде.

Instagram media 1
Instagram media 2
Instagram media 3
Instagram media 4
Instagram media 5
Instagram post