← Артқа

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Халықаралық қайырымдылық күніне орай «Жылы жүрек – Жомарт қол»...

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Халықаралық қайырымдылық күніне орай «Жылы жүрек – Жомарт қол» қайырымдылық іс-шарасы аясында Алматы облысы музейлер бірлестігінің басшысы Талғат Құрманбекұлының бастамасымен
«Анаға құрмет» музейі қызметкерлері бірігіп, «Rakhym» ерекше күтімді қажет ететін балалар орталығына барды.

Балалардың шынайы күлкісін көріп, оларға қолдау білдірдік. Олар арнайы дайындаған жаттауларын орындап беріп, бізге қуаныш сыйлады. Бұл кездесуден баршамыз ерекше әсер алдық және мейірімнің, қамқорлықтың құдіретін сезіндік

Instagram media 1
Instagram post