← Артқа
2025 жылдың 30 тамызында, Конституцияның 30 жылдығына орай, “Анаға құрмет” музейіне Алматы...
2025 жылдың 30 тамызында, Конституцияның 30 жылдығына орай, “Анаға құрмет” музейіне Алматы облысы Қарасай ауданы прокуратурасының қызметкерлері келіп, арнайы экскурсия жасады. Қонақтар музейдің маңызды экспозицияларымен, әсіресе генерал Сәуле Айтбаеваға арналған бұрышпен танысты. Сондай-ақ Ата Заңымыздың авторы Нағашыбай Шайкеновтің анасына тағзым етіп, портреті жанында естелікке суретке түсті. Қатысушылар көрмені зор қызығушылықпен тамашалап, музей қызметіне жоғары баға берді.
