← Артқа

2025 жылдың 9 қыркүйек күні Анаға құрмет музейінде Республика бойынша Аналар кеңесі...

2025 жылдың 9 қыркүйек күні Анаға құрмет музейінде Республика бойынша Аналар кеңесі төрайымдары келді.
2025 жылы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұлт болашағына өз үлесін қосып келе жатқан Аналар кеңесіне – 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға және 14 қыркүйек – Отбасы күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған аналар қауымы республикалық форум аясында бас қосты.
Форумның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесін ұлттық құндылықтар негізінде жетілдіру, ана мен баланың қоғамдағы орнын айқындау, ұрпаққа ізгілік пен адамгершілік дарыту.
Осы форум аясында «Анаға құрмет» музейінде Аналар кеңесі бұрышы ашылып, қатысушылар музейдің экспозициясымен де танысып, тарих пен тағылымға толы құндылықтарды тамашалады.

Instagram media 1
Instagram post