← Артқа
2025 жылдың 14 тамыз – елімізде аталып өтетін Спорт күніне «Анаға құрмет» музейінде...
2025 жылдың 14 тамыз – елімізде аталып өтетін Спорт күніне «Анаға құрмет» музейінде мектепке дейінгі балаларға арналған Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының «Ақ көгершін» бала бақшасының бүлдіршіндерімен көңілді шара ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасында Спорт күні 2003 жылғы 15 қарашадағы Президент Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Балдырғандар ұлттық ойындарымыз – арқан тартыс, бес тас, қазақша күрес, асық ату ойындарын ойнап, қазақ халқының спорттық дәстүрлерімен танысты. Шара балалардың ептілігін, күшін және ұйымшылдығын арттыруға бағытталды.
