Анаға Құрмет музейіне “Қош келдіңіз, қадірменді қонақ!” рубрикасы аясында қазақ киносының...
Анаға Құрмет музейіне “Қош келдіңіз, қадірменді қонақ!” рубрикасы аясында қазақ киносының аңыз актрисасы, театр және кино актрисасы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі (1958), Қазақ КСР-інің халық әртісі (1965) Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың қызы Лейла Өмірзақова (85 жаста) және немерелері, шөберелері «Анаға құрмет» музейіне арнайы келді.
Олар музейдегі актрисаның өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициямен танысып, анасының түпнұсқа ордендері “ОТАН”, медальдары мен бірнеше марапаттарын музей қорына салтанатты түрде табыс етті.
Бірқатар фильмдердегі ана бейнесін шебер сомдағаны үшін Әмина Өмірзақова экран мен сахнада қазақ анасының символына айналған тұлға. Сондықтан музейге тапсырылған жәдігерлер-тек өнер тарихының емес, бүкіл ел мәдениетінің баға жетпес мұрасы. «Анаға құрмет» музейі осындай маңызды іс-шаралар арқылы қазақ өнерінің алтын қорын толықтырып, жас ұрпаққа өнер майталмандарының рухани мұрасын таныстыруды жалғастыруда.

