← Артқа
Бүгін 08.08.2025 ж. Анаға Құрмет музейіне «Абайдың аналары» тақырыбында музей қызметкері...
Бүгін 08.08.2025 ж. Анаға Құрмет музейіне «Абайдың аналары» тақырыбында музей қызметкері Мұхтар Жаннат Қапал батыр мектебінің оқушыларына баяндама жасады. Баяндама ұлы Абайдың 10 күндігі аясында жүзеге асырылып отыр. Өскелең ұрпаққа ақынның өміріндегі әжесі Зере мен анасы Ұлжанның ролін түсіндірді. Баяндама мақсаты Абайды ұлықтау, аналарын дәріптеу, ұлттық болмысты кеңінен насихаттау. @almobl_akimat
