← Артқа
5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай!
5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай!
«Анаға құрмет» музейінде ұйымдастырылған «Анамыздың сырысың сен, домбыра…» атты көрмеге шақырамыз!
Көрмеде музей қорындағы ұлттық мұрамыздың асыл қазынасы – домбыралар топтамасы көпшілік назарына ұсынылады. Домбыраның тарихымен, ерекшелігімен және рухани құндылығымен танысып, ұлттық өнердің терең мәнін сезінуге мүмкіндік аласыздар.
Көрме 1–7 шілде аралығында өтеді.
Қош келдіңіздер!
