Тарих тағылымын ұлықтаған тағылымды конференция өтті
Тарих тағылымын ұлықтаған тағылымды конференция өтті
Кеген ауданында қазақтың көрнекті биі, ел бірлігі мен әділдіктің символына айналған Таңатар би Айтұлының тарихи мұрасы мен өнегелі жолын дәріптеуге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған тағылымды шара аясында Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 110 жылдығына орай «Тәуелсіздікке бастар тарихи қадам» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде көтеріліс кезеңіне қатысты тарихи деректер, архивтік материалдар, музей қорындағы құнды жәдігерлер мен фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды.
Конференцияға Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалқаев Еркінбек Нұрахметұлы, зиялы қауым өкілдері, белгілі тарихшы-ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, Таңатар бидің ұрпақтары және аудан тұрғындары қатысты.
Мұндай тағылымды басқосулар ұлт тарихын терең тануға, тарихи тұлғалардың өнегелі мұрасын ұлықтауға және жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттыруға зор ықпал етеді.
