← Артқа

«Жаңарған шаһар – жаңғырған сән» этносән қойылымы өтті

«Жаңарған шаһар – жаңғырған сән» этносән қойылымы өтті

Астана күні қарсаңында «Анаға құрмет» музейінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Жаңарған шаһар – жаңғырған сән» атты этносән қойылымы ұйымдастырылды.

Шара барысында дизайнер, қолөнер шебері, «Зар Ата» брендінің негізін қалаушы Ляззат Исаханова ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Кеш ұлттық киім мәдениетін жаңғыртып, дәстүр мен заманауи сәннің үйлесімін паш етті.

Мәдени іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері, Омархан Өксікбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Бақыт Шпекбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Қонаев университетінің ректоры Өмірәлі Жалаири сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, қазақ халқының бай мұрасы мен төл өнері насихатталды. Рухани мазмұнға толы кеш ұлттық болмысқа қызығушылық танытқан қонақтарға ерекше әсер сыйлап, ұлттық сән мен мәдени мұраның сабақтастығын айқын көрсетті.

@almobl_akimdigi
@marat_sultangaziyev
@gannur
@almaty.obl_madeniet
@umbetaliev_anuar @meirjan_musabaev

АнағаҚұрметМузейі #АстанаКүні #ЖаңарғанШаһарЖаңғырғанСән #Этносән ҰлттықҚ

Instagram media 1
Instagram post